Мәдениетке саяхат. Елордада Әлібек Дінішевтің жеке шығармашылық кеші өтті

«Сүйем сені, туған елім» осындай атаумен «Астана Опера» театрында танымал тенор, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Әлібек Дінішевтің жеке шығармашылық кеші өтті. Араға ұзақ  уақыт салып, тыңдармандарымен қайта қауышқан КСРО Халық артисі концертін елорданың 20 жылдығына арнады.