Мәдениетке саяхат. Елордада Скьяво және Марчеджиане мен дирижер Франческо ди Мауроның бірлескен концерті өтті

Астанада Скьяво және Марчеджианенің фортепиано дуэті мен дирижер Франческо ди Мауроның бірлескен концерті өтті. Италиялық меймандар «Солистер Академиясы» мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Кеш бағдарламасына Моцарттың екі фортепиано мен оркестрге арналған концерті және Бетховеннің 4 симфониясы енген.