Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. «Кеплер» ғарыш телескопы өз миссиясын тәмамдады

Жанармайы таусылған «Кеплер» ғарыш телескопы 9,5 жылға созылған өз миссиясын тәмамдады. Көк кеңістігін кезген құрылғының ғылымға сіңірген еңбегіне «Нэшнал Джеографик» материал арнаған. «Кеплер» ғарыш обсерваториясы Жерге ілесіп, Күнді айналады. Арадағы қашықтық 151 миллион шақырым. Он жылдай ғарыш көгінде қалықтаған аппарат осы уақыт ішінде небары 12 литр жанармай жағыпты. Енді құрылғының титімдей қозғалтқыштары телескоптың бағытына әсер ете алмайды. Осылайша «Кеплердің» өз ырқынан шығып кеткенін мәлімдеген NASA 30 қарашада құрылғының миссиясын тоқтататынын жария етті.