Медицина. Отандық медицинаның деңгейі
Отандық медицинаның деңгейі қандай? Бұл әлбетте риторикалық сұрақ. Қай-қайсымыз болмасын, бұл саламен күнделікті кезігіп жүрміз. Артық не кем деп баға бермей-ақ қояйық. Бір анығы, бұл жүйе бір орында тұралап қалмауы тиіс. Өйткені әлемдік медицина адымдап дамып жатыр. Жаңа технологиялар, инновациялық амал-тәсілдер барлығы игі жақсыға ұмтылады.