Медицина. Жүрек дерті
Денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ал ұлт саулығы қазына. Әсіресе уақытылы қаралып, мерзімімен емделіп отырған дерт алысқа бармасы анық. Денсаулыққа залалын келтіріп отырған аурулардың қатарында бірінші болып жүрек дерті тұр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, адамзатқа қасірет болып төнген барлық өлім-жітімнің 12,2 пайызы жүректің ишемиялық ауруларына тиесілі. Одан бөлек 10 пайыздайы инсультен көз жұмады. Тіпті ғасыр дерті болып, миллиондаған адамның жанын жамаған онкологияның мөлшері 10 есеге кем.