Мәдениетке саяхат. Елордада «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі басталды

Елордада «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі басталды. 5 күнге созылатын  шарада қатысушылар  «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал» және «Хореография» секциялары бойынша сайысқа түседі.  Биылғы байқауда БАҚ өкілдері де бақтарын сынай алады.  Конкурсты ұйымдастыру алқасы  6 жылдан кейін   «Журналистика» номинациясын додаға қайта қосты.