Экономика. «Астана 1» ақпараттық жүйесі

Қазақстан жаңалықтары

- Қалталылар ісін біздің елде дөңгелетуге құштар. Саннан дәйек келтірейік. Биылғы жарты жылдың өзінде Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 12 млрд доллар болған

-  Осы жылдың алты айында ел азаматтары компьютер мен тұрмыстық техника жөндетуге 17 млрд 700 млн теңге жұмсаған. Бұл былтырғыдан 25 процентке көп

- Елімізде тағы бір әуе компания құрылады. Ерекшелігі ол бюджеттік, яғни арзан баға ұсынатын тасымалдаушы болады

Сараптама

Сандық технология қоғамның сан саласына енгелі азаматтардың жүріс-тұрысы, барыс-келісі едәуір жеңілдеді. Бір мысал айтайық. Қазір кедендік рәсімдеулер автоматты режимде жұмыс істейді. «Астана-1» деп аталатын ақпараттық жүйенің көмегімен кесіпкерлер шегарада көп тежелмейтін болды. Уақыты мен қаражатын да үнемдейді. Бизнеске жасалып отырған бұндай жеңілдіктерді басқа-басқа Дүниежүзілік банк секілді халықаралық ұйымдардың өзі жоғары бағалап отыр. Дуинг бизнес рейтингінде бірден 21 сатыға жоғарылауымыз соған дәлел. (спикерлер: Әмрин Ғ. - ҚР ҚМ мемлекеттiк кірістер комитеті төрағасының орынбасары;   Ғұбашева  Ү.Астана-1 АЖ кеңсесінің үйлестірушісі)