Кемел қала. Қалаларда құқық қорғау жүйесін цифрландыру

Қазақстанның барлық қалаларында құқық қорғау жүйесі цифрландырылып жатыр. Еліміздің Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті пилоттық режимде электрондық өтініштер жобасын қолға алды. Бастама «электрондық үкімет» веб-порталының негізінде іске асырылды. Бұдан былай мұрағат анықтамасын бұрынғыдай 47 күн күтпей, 10-ақ күнде аласыз. Электрондық түрде өтініш беріп, қызмет көрсетушінің кеңсесіне бармай-ақ, «Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясы арқылы жауабын алуға болады. Бұл үшін ЖСН-нің көмегімен порталға тіркеліп, «онлайн қызметке тапсырыс беру» функциясын басу қажет.