Драйв. Skoda Octavia

Чехиялық «Шкода» компаниясының Октавия моделі алғаш рет 1959 жылы жарық көрді. Кейінгі үлгісі Париждегі автосалонда 1996 жылы таныстырылды. Отбасылық компакт седанның екінші ұрпағы 2004 жылы жұрт назарына ұсынылды. Соңғы модель вольцваген группен бірлескен жоба  болатын. Автомобильдің техникалық жабдықталуы жақсарып, сол кезге сай заманауи функциялармен қамтылған еді. Октавианың үшінші моделі конвейрден 2012 жылы шықты. Ал 2015-те бұл автомобиль жыл көлігі номинациясында жеңімпаз атанды.