Ерекше көзқарас. Тарихи санаға сілкініс қажет!
Осы аптада Егемен Қазақстанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Жазбаның меңзері не? Мәні қандай? Біз - түп-тамыры айқындалған елміз бе? Әлем қазақ елін «кім» деп танып жүр? Бұл сауалдарға Елбасы мақаласында берген тапсырмалар нүкте қоя ма? Бүгін осы мәселелерді сарапқа саламыз. Студиямыздың қонағы Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы.