Медицина. Жұқтырылған иммундық дефицит синдромы
Жұқтырылған иммундық дефицит синдромы туралы біздің қоғам өткен ғасырдың соңына таман естиді. Тегі де, табиғаты да беймәлім дүниеге бас кезінде аң-таң болдық. Тарихына үңілетін болсақ, қатерлі аурудың алғашқы белгісі 1981 жылы АҚШ-та тіркелді. Екі жылдан кейін француз ғалымы Монтанье ауруға шалдығудың соңғы сатысы - ВИЧ инфекциясын ашты.