Өнеркәсіп. Өңдеу секторы мен шикізаттық емес экспортты қолдау

Президент жүктеген - экономиканы әртараптандыру міндетін орындау үшін, жергілікті әкімдіктер әуелі, өңдеу өнеркәсібінің болашағы зор салаларын анықтауы қажет. Олар мемлекет тарапынан бөлініп отырған миллиардтаған қаржыны қорықпай салуға болатын және артынан оны ақтайтын сенімді әрі мықты кәсіпорындар болуы шарт. Ендеше алдағы үш жылда қай сектор өзін жақсы қырынан көрсетеді? Бүгінгі таңда инвесторлар үшін анағұрлым тартымды сектор қайсы? Мұнайға тәуелділіктен арылған шақта ел экономикасы қалай өзгереді? «Өнеркәсіп» бағдарламасының жаңа шығарылымында осы сұрақтарға жауап іздейміз.