Агробизнес. Бүгінгінің кәсіпкерлері кеше кім еді?

Ауыл шаруашылығы - Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Себебі, агроөнеркәсіптік кешенде отандастарымыздың біразы еңбек етеді. Олар жай ғана тер төкпей, елдің дамуына сүбелі үлестерін қосып жүр. Негізі мұндай мамандардың көпшілігі 90-шы жылдары қарапайым фермер еді. Ал, қазір білікті де табысты кәсіпкер. Бүгінгі бағдарламамызда Тәуелсіздік жылдары ішінде аграрилердің дәл осындай жаңа бейнесі қалай қалыптасқандығын әңгімелейтін боламыз.