Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Tesla Шанхайда алып зауыттың құрылысына кірісті

Қытай нарығына арналған автокөлік құрастырмақ болған «Тесла» Шанхайда алып зауыттың құрылысына кірісті. «СиЭнЭннің» хабарлауынша, суперзауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 500 мың электромобильді құрастыруға жетеді. Бұл іске 5 млрд доллар инвестиция құйылмақ. Илон Масктың айтуынша, жаңа фабрика бағасы арзан Model 3 электр көлігін бір жылдан кейін шығара бастайды. Бүгіннің өзінде қытайлықтардан тапсырыстар түсіп жатыр.