Драйв. Елімізде көлік құралдарының құжаттарына қатысты бірқатар өзгерістер орын алмақ

Биылдан бастап елімізде көлік құралдарының құжаттарына қатысты бірқатар өзгерістер болады. Нақтыласақ, теxпаспорт яғни автомобильдің барлық деректері жазылған құжаты электрондық үлгіге көшетін болды. Бұл бастама жаппай цифрландыру аясында қағазбастылықтан арылудың бір амалы десек болады.