Qazbooks | «Экономикс»

«Экономика мейлінше экономды болу керек!» осы бір қанатты сөз халық арасында мәтелге айналып кеткелі қашан?! Сонымен, экономика деген үнемдеу ме әлде тиімді пайдалану ма?! Бұл тұрғыда іздегеніңізді табу үшін сіздің уақытыңызды үнемдеп, әрі тиімді пайдалануға біздің септігіміз тиері анық. Себебі біз бүгін экономика саласындағы әлемдік бестселлер туралы баяндамақпыз. Армысыздар! Эфирде «Qazbooks» бағдарламасы. Біз сіздерге кітап нарығындағы соңғы жаңалықтар, басты тенденциялар мен үздік әдебиеттерді ұсынамыз!