Черногорияда үш күн аза тұту жарияланды
Черногорияда қаруды қолдану туралы заң қатаңдатылуы мүмкін.
Бұл туралы Премьер-министр мәлімдеді. Милойко Спаич тиісті мәселе шұғыл түрде ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қарастырылатынын айтты. Бұған дейін Цетине қаласында ер адам дәмханада оқ жаудырып, кейін атысты көшеде жалғастырған. Салдарынан 12 адам көз жұмды. Тұтқындау кезінде ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алған жарақатынан ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қаскүнемнің қару ұстауға рұқсаты болмаған. 2018 жылғы статистика бойынша Черногория халықтың жан басына шаққанда қару саны бойынша әлемде үшінші орында болған. Атысқа байланысты елде 3 күндік аза тұту жарияланды.