Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Америалық «шатдаун» салдарынан ұлттық бақтар да жапа шегуде

- Франция президенті Эммануэль Макрон отандастарына ашық хат жолдады.

Хатында ел азаматтарын 15 наурызға дейін Франция мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық секторындағы мәселелерді шешу жолдарын бірлесе талқылауға шақырды;

- «Қытай шетелдік инвесторларға арналған екі есе арттырмақ», - деп хабарлайды The Straits Times. Осылайша, мемлекет қаржылық жүйесін әлемдік нарыққа ашуды жалғастырмақ.

- Италия үкіметі 2019 жылға арналған бюджет ережесін қабылдады. Басты жаңалық – Венеция аумағына кіру үшін салық салынатын болды.

- Америалық «шатдаун» салдарынан ұлттық бақтар да жапа шегуде. Джошуа-Три аумағында вандалдар жасыл желектерді отап тастаған.