Мәдениетке саяхат | 21.01.19 шығарылым
- «Астана Опера» театры 8-9 ақпан күндері «Евгений Онегин» туындысының тұсауын кеседі. Елордалық өнер сүйер қауым қойылымнан Петр Чайковскийдің мәңгі өшпес музыкасын тыңдап қана қоймай, режиссерлік тосынсыйдың куәгері бола алады. Операның қоюшы режиссері - Давид Ливерморе. Италиялық маман осыған дейін «Турандот» спектаклін сахналаған болатын;
- Корей мәдениеті жер жүзі бойынша үлкен қызығушылыққа ие болып жатыр;
- Астанада «Парабиеннале» көрмесі ашылды. Елордада алғаш рет ұйымдастырылған шараға – Орталық Азияның 5 елінен келген 35-ке жуық суретшінің еңбектері ұсынылған.