Мәдениетке саяхат. Астанада «Заманауи Өзбекстан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
ҚР Ұлттық музейінде «Заманауи Өзбекстан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияға Дилором Мамедова, Бахтиёр Обидов, Абдухаким Каримов, Дилмурод Юлдашев, Умар Ражабов сияқты танымал суретшілер мен жас авторлардың соңғы бес жыл ішінде жасаған 38 көркем суреті қойылған.