Мәдениетке саяхат. Елордада Корей мәдени орталығы «Сольналь» жаңа жыл мерекесін атап өтті
Астанадағы Корей мәдени орталығы ай күнтізбесі бойынша «Сольналь» жаңа жыл мерекесін атап өтті. Сәні мен салтанаты жарасқан шараға келгендердің қарасы қалың болды. Бұл күні кәрістер, дәстүрге сай «Чаре» атты ата-бабаларын еске алу салтын жасайды. Туған-туысқандармен бірге ас ішіп, көрші-қолаңға бас изеп, сәлем береді. Айтулы шара барысында ұйымдастырушылар меймандарға корей халқының «Чегичаги», «Ютнори» сынды дәстүрлі ойындарын ойнатты.