Мәдениетке саяхат. Астанада фалерист Қайырбек Рамазановтың жеке көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде фалерист Қайырбек Рамазановтың жеке көрмесі ашылды. «Төсбелгілердегі тарих» деп аталатын шараға автордың жеке коллекциясы келушілердің назарына ұсынылды. Коллекционер бас-аяғы 2000 дана медаль, орден, төсбелгінің түр-түрін жинаған. Кейбірін өзі шетелден сатып әкелсе, енді бірін дос-жарандары сыйға тартқан.