Мәдениетке саяхат. Елордада «Айка» көркем фильмінің тұсаукесері өтті
Астанада «Айка» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Картинаны режиссер Сергей Дворцевой мен Канн кинофестивалінің үздік әйел рөлінің лауреаты Самал Еслямова ұсынды. «Айка» фильмі күйзеліске түскен Қырғыз қызының өмірі жайлы баяндайды. Тығырыққа тірелген ана, баласын перзентханада тастап кетуге мәжбүр болады. Тағдырдың тауқыметін бастан кешкен өжет қыз туралы әлеуметтік драмаға көрермендердің берер бағасы өте маңызды дейді авторлар. Айта кетейік, фильмді таспалауда Ресей, Қазақстан, Польша, Германия және Қытай елдерінің кинематографистері тер төккен. Түсірілім жұмыстары 6 жылға созылған.