QazBooks. Әлеуметтік психология

«Әлеуметтік психология» жеке пән ретінде ЖОО-да оқытылса да, бірақ осыған дейін қазақ тілінде әлеуметтік психология бойынша 2-3 шағын ғана оқу құралдары болмаса, осындай ауқымды оқулық болмаған. 2018 оқу жылынан 688 беттен тұратын, мазмұнында әлемдік маңызы бар әлеуметтік психология теориялары, деректері мен дәйектері бар Д. Майерс оқулығының қазақ тіліндегі нұсқасы білім алушыларға, ғалымдарға, қызығушылық танытқан тұлғаларға қолжетімді болды. Бүгінгі бағдарламамыздың өзегі «100 жаңа оқулық» жобасында қазақ тіліне аударылған «Әлеуметтік психология» кітабы туралы.