Тұтынушы таңдауы. Күнбағыс

Күнбағыс. Бұл өсімдіктің тарихы тереңнен тамыр тартады. Дерек көздері атаулы гүлді өсімдіктің шыққан жері Мексика жазығы деп жазады. Осыдан жүздеген жыл бұрын пайдаға асқан күнбағыстың бүгінгі күні 90-ға жуық біржылдық және көпжылдық түрлері бар. Ал, біздің елде 2 түрі кездеседі. Олар өзінің бастапқы өніп-шығу уақытынан бастап, гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді болып келетін өсімдік. Қысқаша айтқанда, біздің қатаң климатымызға бейім. Иә, мұны еліміздің әр өңірінен көру қиынға түспес. Сондықтан болса керек, өзге дәнді дақылдарға қарағанда түсімі сол. Жылда шекілдеуік жинауда, жұрттан қалмаймыз. Өзімізге жеткілікті мөлшерде өнім аламыз.