Мәдениетке саяхат. Елордада «Жастар жылы» аясында «Ұлы дала жастары» атты кеш өтті

Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі «Жастар жылы» аясында «Ұлы дала жастары» атты кеш өткізді. Шарада Нұрлан Бекенов, Арман Жайым, Әбдіжәли Бекнұр сияқты дарынды композиторлардың төл туындылары шырқалды. Сондай-ақ қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен жас ақындар өз шығармаларын оқыды.