Мәдениетке саяхат. Астанада «Айман-Шолпан» музыкалық койылымының премьерасы өтті

Астана «Жастар» театры қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің және Қалтай Мұхамеджановтың қаламынан туындаған «Айман-Шолпан» музыкалық койылымының премьерасын көрермен назарына ұсынды. Қазақы фольклордан тамыр тартқан драмалық комедия отандық театрлар сахнасында көптеп сахналанса да бұл жолы музыкалық жанрда басқа қырынан танылды. Спекаткльде би мен әннен бөлек, акробатикалық элементтер қолданылған.