Олимп. Ұлттық спорт

Әңгімемізді көкпардан бастайық. Өйткені, дәл осы спорт түріне қатысты соңғы кезде сын да көбейді, мін де көбейді. Тіпті, оны құрдымға кеттіге санап, қолды бір сілтейтіндер де кездеседі. Осыған байланысты жауапты қауымдастыққа шығып көрдік. Бақсақ, ол жақтағылар «бұйырғаны болар» деп жайбарақат отырған жоқ. Ұлттық спортымызды халықаралық деңгейге көтерудің қамымен жүр. Атап айсақ, жуырда ғана бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының жиынын өткізіп, нақты ережелерін бекітті. Оның ішінде, талайдан бері таласқа түсіп келе жатқан қазандыққа қатысты соңғы нүкте қойылды. Яғни, халықаралық ойындарда бұдан былай қазандық болмайды.