Мәдениетке саяхат. Алматыда «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті. Келушілердің назарына халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, Халық артисі - Санат Исаевтың қатысуымен «Беташар» үйлену тойы салт-дәстүрлері ұсынылып мерекелік дастарханға батикпен сурет салу арқылы қол қойылды.