Мәдениетке саяхат. «Өз елім» музыка фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Н. Тілендиев атындағы «Өз елім» музыка фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған шара соңы марапаттау рәсімімен және гала концертпен аяқталды. Байқауға бас-аяғы 80-ге жуық үміткер қатысқан. Олар үш номинация бойынша өнер көрсетті. Үздіктерді анықтаған өнер додасына тек Қазақстаннан ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Корея, сондай-ақ, Еуропаның бірқатар мемлекеттерінен қатысушылар келген.