Мәдениетке саяхат | 10.04.19 шығарылым

- Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Орган залында Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі, пианист Юрий Богданов пен республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Данияр Есімханов өнер сүйер қауымға орыс композиторларының шығармаларын ұсынды;

- «QAZAQSTAN» орталық концерт залында даңқты әскери қолбасшы «Күлтегін» туралы мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті;

- «1+1» деп аталған Петропавлдағы алғашқы музыкалық жоба өз мәресіне жетті. Жемісті жүзеге асырылған шараның негізгі идеясы кәсіби әнші мен әуесқой музыканттың бірлесіп өнер көрсетуіне мүмкіндік беру.