Экономика І Жалпыға бірдей декларация туралы
Қазақстан жаңалықтар:
- Қазақстанда микроқаржыландыру ұйымдары азайып келеді;
- Ел азаматтары бір жылда сән салондарына 28 млрд теңге төлеген.
Әлем жаңалықтар:
- Brexit мерзімі тағы шегеріліп, 31 қазанға белгіленді. Бұл бастама Еуроодақ елдерінің басшыларымен келісілді.
Сараптама:
Жаппай декларация тапсыру тағы кейінге шегерілді. Біздің елде жаңа жүйе 2020 жылдың басынан қолданысқа енгізілуі тиіс еді. Бірақ осы сәуір айының басында Қаржы министрлігі Үкіметке арнайы ұсыныс енгізіп, оны 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізу туралы бастама көтерді. Жалпы, жаппай декларация тапсыру не үшін қажет, бұдан не ұтамыз. Бүгінгі талдауға осы тақырып арқау болады.
Спикерлер: Құсайынова Дина Қабдылманапқызы - ҚР ҚМ МКД жалпыға бірдей декларация басқармасы басшысының орынбасары; Хорунжий Андрей Григорьевич - Салық кеңесшілері палатасының вице-президенті.