Экономика І Қазақстандағы электронды сауданың дамуы қай деңгейде?
Қазақстандағы электронды сауданың дамуы қай деңгейде? Барлық алыс-берістегі үлесі қандай? Бүгін осы төңіректе әңгіме қозғаймыз. Өзіңіз білесіз, біздің жұрт қазір қалаған дүниесін интернет арқылы алуға машықтанып келеді. Қалта телефоны дейсіз бе, киім-кешек керек пе, тіпті бір келі картопқа дейін тапсырыс бере аласыз. Бұл бүгінгі жағдай? Ал, ертең не өзгереді? Саланың білгірлерінен білгенімізді баяндайық.