Экономика І Еуропалық қайта құру және даму банкі

Қазақстанның ІЖӨ биыл 3,5, келер жылы 4,1 процентке дейін өседі. Еуропалық қайта құру және даму банкін мамыр айында жариялаған болжамында осылай делінген. Халықаралық құрылым қараша айындағы есебінде де 2019 жылы Қазақстан экономикасы 3,5 процентке өседі деп мәлімдеген еді. Былтыр өсім 4,1 процент болды. оған экспорт көлемінің артуы оң әсер етті. Әсіресе мұнай бағасының қымбаттауы біз үшін оңтайлы болды.