Art Global I «Солистер академиясы»

Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген елордалық ұжымның гастрольдік сапарлары жайында бұған дейін де талай мәрте сөз еттік. «Солистер академиясы» өзінің 25 жылдық тарихында әлемнің түкпір-түкпіріндегі талғампаз, танымы терең өнерсүйер қауымның сүйікті ұжымына айналып үлгерді. Бұл жолы да шығармашылық топ әдеттегідей жаңа гострольдік сапарларға бет алып, жаңа көрерменнің көңілін баурамақ ниетте.