Мәдениетке саяхат І Пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды

Елордада Astana Piano Passion халықаралық пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды. Мәдени шараның салтанатты жабылу рәсімі «Астана Опера» театрының үлкен залында өтті. Биылғы фестивальде әлемнің 20-дан аса мемлекетінен келген 7 мен 18 жас аралығындағы 114 қатысуышы додаға түсті.