Экономика І Тұрғын үй құрылысының қарқыны қалай?
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қарқынды. Оған мемлекеттік бағдарламалар мен салаға тартылған инвестициялар оң әсер етті. Биылғы 4 айдың өзінде 13 мың тұрғын үй ғимараты бой көтерген. Рэнкингкз-тің дерегінше, былтыр салаға құйылған инвестиция 1 трлн 200 млрд теңге болып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл арғы жылмен салыстырғанда 18,6 процентке көп.