Ерекше көзқарас | Жолдағы жөнсіздіктер қашан түзеледі?
Жол полицейлеріне жөн сілтеу таяқтары қайтарылып берілуі мүмкін. Көлік жүргізушілерін елең еткізген жаңалықтың ұтымды тұсы қандай? Айппұлды аспандатып, ережелерді екі есе қатайтсақ та жол-көлік апаты азаймай тұр. Неге? Үлкен жолдарда жылдамдықты 60 шақырымнан асыра алмайсың?! Жол бойында осындай орынсыз шектеулер неге көп? 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алуға қатысты қандай өзгерістер енгізілді? Еліміздегі жол полициясы қызметін реформалау қажет пе?
Студиямыздың қонағы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы – Айдын Оразбаев.