Мәдениетке саяхат І Корей елінің дәстүрлі қолөнер туындыларының коллекциясы көрсетілді
- Алматыда, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында камералық музыка фестивалі өтті. «Әуен фест» деп айдар тағылған шара қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды;
- Қазақстанға Корей елінен дәстүрлі қолөнер туындыларының бірегей коллекциясы келді. Бэ Квану шебердің еңбектері қатарында ақсүйек әулеттердің қалпына қайта келтірілген жәдігерлері және дәстүрлі ою-өрнектердің модернизацияланған нұсқалары бар;
- Бейбітшілік және келісім сарайында Камилә Сүлейменова мен Азиза Сарамбетованың «Өмір сүру түрі» деп аталған экспозициясы ашылды.