Ерекше көзқарас І Астық науқаны: шаруа пікірі
Агрокешен саласына жіті көңіл бөлмей – ауылшаруашылығын дамытамыз деу бос әурешілік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазір жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті. Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті» - деген болатын. Ендігі кезекте жерді бөлу, жерге иелік ету, жерді қалай пайдаланып жатқанын бақылау мәселесі шешіле ме? Ірі агрофирмаларды құра бергенше, ауылды жерлер үшін жергілікті өзін-өзі басқару институтын неге құрмаймыз? Агрокешен саласындағы қордаланған мәселелерге биліктегі атқамінерлер емес, осы саланың ыстығына күйіп, суығына төзіп жүрген шаруа көзімен қарауды бүгін жөн көрдік.