Мәдениетке саяхат І Халида Шимованың жеке көрмесі өтті

- «Астана Опера» театрының Камералық залында тыңдарман назарына бірегей қазақстандық опера әншісі, ең жоғарғы ерлер дауысының иегері – контртенор Ерік Құрманғалиевқа арналған концерт өтті;

- Ресейлік орындаушылар Ерік Құрманғалиевтың репертуарынан туындыларды, соның ішінде әлемдік опералық және вокалдық классика жауһарларын, сондай-ақ отандық авторлардың шығармаларын ұсынды;

- Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қарғызстандық суретші Халида Шимованың жеке көрмесі өтті;

- Елбасы кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған әлеуметтік желілерде жарияланған «ІІІ Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.