МЫҢЖЫЛҚЫлық кеңес | Қазақстанда карантин 2 тамызға дейін ұзартылды

Соңғы екі аптада Қазақстанда коронавирус эпидесиясы бойынша ахуал нашарлап кетті. Пандемияның екінші толқыны осы шығар деген ой да көпшілікті мазалауда. Осыған орай италиялық, испандық және нью-йорктық сценарий бойынша жағдай өрбуі мүмкін деген болжамдар бар. Қазақстанда 5 шілдеден бастап, карантин шарасы күшейтілді. Мақсат аз уақытқа болса да денсаулық сақтау саласы мен экономикаға түсетін салмақты азайту. Мұны медицинадағы қарқынды терапия әдісімен салыстыруға болады.

Ендігі кезекте карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Сонымен қазіргі локдаун дұрыс па?