Мәдениет. «Петерборлық кездесулер» атты мәдени-ағартушылық бағдарлама

Шара Санкт-Петербор пен Қазақстан арасындағы мәдение байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Онда суретші, Санкт-Петербор куыршақ театрының мүсіншісі Евгений Озерова дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің құпиясымен бөліссе,  Виталий Соколовский елордалықтардың назарына бишілер бейнеленген фотосуреттер топтамасын ұсынды. Ал Астана ұлттық галереясында Санкт-Петербор қаласының шығармашылық тобының концерті өтті.