Азық-түлік емес тауарларды бақылау | Өнеркәсіп

Қазақстанда азық-түлік емес және өнеркәсіп тауарларын бақылау қайта қолға алынады. Өнімнің қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа Заң 1 шілдеде күшіне енеді. Ол денсаулыққа және адам өміріне қауіпті материалдарды өндірушілер мен импорттаушыларды қатаң жазалауды қарастырады. Өнімнің сапасын аккредиттелген қазақстандық зертханалар бағалайтын болады. Енгізілетін бақылаудың басты міндеті - нарыққа сапасы күмәнді тауарларды жібермеу.

Сонымен жаңа заң іс жүзінде қалай жұмыс істейді? Жалпы елімізде қауіпті өнімдер қай салаларда жиі кездеседі? Өнеркәсіпті бақылауды кім жүзеге асырады? Бұл туралы «Өнеркәсіп» бағдарламасында таратып айтайық.