Қазақ әскерінің әлеуеті қандай? | Өзекті
Ауғанстан. Тәліптер әп-сәтте тұтас мемлекетті басып алды. Әскери қызметкерлер тырп ете алмай қалды. Осыдан кейін өзге елдер ойлана бастады. Ондағы жай бізді де толғандырды. Мемлекет басшысы ауғаннан келер қауіп жоқ, бірақ кез келген қатерге дайын болайық, деді. Қазақ сарбаздарының жаттығуды үдеткені содан болар. Осы ретте қазақ әскерінің әлеуеті қандай деген мәселеге тағы ораламыз. Былтыр Қарабақтағы қақтығыстан кейін осы мәселе біраз қаузалған еді, кейін ауғаннан адамдар ауа көшкенде еріксіз қайта сөз етуге тура келеді. Сонымен халықаралық сарапшылар не дейді? Әскер әлеуеті бойынша Қазақстан қай орында? «Өзекті» бағдарламасында осы мәселе қозғалмақ.