«Астана Балет» театры жаңа маусымын «Сұлтан Бейбарыс» балетімен ашты | Мәдениетке саяхат
- «Астана Балет» театры жаңа маусымын «Сұлтан Бейбарыс» балетімен ашты.
- Үлкен театр «Үлкенге Билет» атты онлайн жобасын жалғастырып келеді. Осылайша әртүрлі елдердің тұрғындары Ресейдің жетекші артистерінің шығармашылығымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
- Лондон симфониялық оркестрі «Summer shorts» атты жазғы концерттер сериясын аяқтады. Соңғы концерт оркестр мүшелері Ребекка Гилливер және Джулиана Кохтың өнер көрсетуімен ерекшеленді.
- Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде ресейлік суретші Юлия Вирконың жеке көрмесі өтіп жатыр. «Жұмыс барысында» деп аталатын көрмеге қылқалам шебері 30-ға жуық картинасын әкелген.