Баспана арзандайды ма? | Өзекті

Баспана бағасының қымбаттауы - көптеген қазақстандықтың көкейіндегі басты сұрақтың бірі. Соңғы кезде баға шарықтауын бәріміз де байқап отырмыз. Оған зейнетақы қорындағы қаржының қолжетімділігімен қатар құрылыс материалдарының қымбаттағаны да себеп болды. Алайда қалаған пәтерін сатып алуға ниеттілер нарықтағы ахуал реттеледі деген үмітте. Сарапшылар бұған не дейді? Тиімді бағамен үй алу мүмкін бе? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы мәселе туралы айтпақпыз.