Туристер қайда бара алады? | Өзекті

Коронавирус пандемиясы басталғалы шетелге шығу қиындап кетті. Тек вакцина әзірленгеннен кейін ғана бұл мәселе шешімін таба бастады. Алайда нарықта екпенің түр-түрі бар болғандықтан, мемлекеттер оны өзара мойындамайтын жағдайлар кезігеді. Қазақстандықтар биыл қай елге бара алады? Отандық вакцинаны қай мемлекеттер растап отыр? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы туралы айтпақпыз.