Коронавирус баланың ағзасына қалай әсер етеді? | Өзекті
Соңғы кезде балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері жиілеп кетті, биыл қаңтар-тамыз айларында елде 45 мыңнан аса жасөспірім осы дертке шалдыққан. Балаларда бұл ауру жеңіл өтеді деген пікір кеңінен таралғанымен, дәрігерлер айығып кеткен әрбір сегізінші бүлдіршінде пост-ковидтік синдромның бар екенін анықтады. COVID-19 балалардың қай ағзасын зақымдайды? Ата-аналар қандай белгілерге назар аударуы қажет? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жайында айтамыз.