Пәтерді жалға беру бағасы шарықтады | Өзекті
Көптеген қазақстандықтың баспанасы әлі жоқ. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бұл ең өткір мәселеге айналып тұр. Бірі пәтерді мемлекет тарапынан алуға кезекте тұса, басқалары үйге қажетті сомманы жинап жатыр. Оған дейін жұрт пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Соңғы кезде баспана бағасының шарықтауына байланысты жалға беру құныда біраз өсті. Оның басты себебі неде? Мемлекет ахуалды реттеу үшін қандай қадамдар жасамақ? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жайында айтамыз.